Жұрт енді бұрынғыдай блогерлерге қызыға да қызғана қарамайтын шығар. Жарнама үшін бірдеңе ішсе де, салық төлейтін болды. Өйткені бартер арқылы алғанның бәрі жеке табыс болып саналады екен.
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жеке кірістерді әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова: «Бартер – ақшасыз, жарнамаға тауар немесе мен қызмет алу. Мәселен, блогер Instagram желісінде кафені жарнамалап, ақшаның орнына кешкі ас ішеді. Демек кешкі ас блогердің табысы болады және ол осы табыстан жеке табыс салығын төлеуі керек. Мемлекеттік бюджетке салық төленсін», – дейді.
Базардағы саудагер қолма-қол ақшаға сатып, үйтіп-бүтіп салықтан жалтара алады. Ал блогер қайтеді? Әлеуметтік желідегі парақшасына жарнама салса, жасыра алмайтыны анық.
JQ-Aqparat
Фото: tripadvisor.ru