ХАБАРЛАНДЫРУ

252

Жамбыл облысының кадрлық комиссиясы Жамбыл облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

 

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар jambyl@onir.pkrezerv.gov.kz  электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы 8 «А».

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшасында jambyl.onir.rezerv.kz (instagram)  және келесі телефондар арқылы: 8(7262) 43-88-21, 43-88-26 алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.