КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

481
Бүгін аудан әкімдігінде қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдадық. Жалпы, дәстүрге айналған қоғамдық қабылдаулардың ең негізгі міндеті − тұрғындардың өтініштерін қарап, олардың оңтайлы шешілуіне қолдау көрсету болса, бүгінде бұл үде орындалып келеді.
Қабылдауға келген тұрғындардың қарасы қалың болғанын айта кету керек. Жеке мәселелерімен қайырылғандардың басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік жағдайға қатысты сауалдарын жолдады. Одан бөлек, жол, жұмыспен қамту және жарықтандыруға қатысты түйткілдер де көтерілді. Көмек сұрай келген әр тұрғынның өтініші зерделеніп, нақты шешімдер қабылданатын болады.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.