КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

92

Қазіргі кезде өңір тұрғындарымен барынша жиі кездесіп, көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру дәсүрге айналған. Дәл осындай қоғамдық қабылдаулар ауылдық жердегі түйткілдердің қордаланбауына да септігін тигізері анық.

Осы мақсатта бүгін аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Кездесуге келгендердің ішінде тұрғын үй жағдайына, жұмыспен қамтуға, сонымен бірге қалаға қатысты баршаға ортақ мәселелерді көтергендер де бар.

Одан бөлек, жеке мәселесімен келгендер де болды. Қоғамдық қабылдауда көтерілген сауалдардың бірқатарына нақты жауап берілсе, енді бірі алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.

Бақытжан Жәнібеков,Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.