КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

256
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңес ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойына белсене ат салысқан азаматтарды марапаттаудан басталды.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлығы аясында сенбіліктердің ұйымдастырылу барысы» туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев хабарлама жасады.
Аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлық өткізу туралы 2023 жылғы 28 тамыздағы №158 қаулысына сәйкес 2 қыркүйектен бастап 4 қарашаға дейін сенбілік жұмыстарын өткізу бектілген. Аудан бойынша қыркүйек айында 5 рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылған. Жаңатас қаласы бойынша 2 тонна күл-қоқыс шығарылып, 4,9 гектар аумақ, 0,240 шақырым арық тазаланған. Сенбілікке 289 адам, 38 мекеме қатысқан. Елді мекендер бойынша 9 ауылдық округте 798 адам қатысқан сенбіліктер өткізіліп, 10,5 тонна күл-қоқыс шығарылған. 56,1 км аумақ, 7,4 шақырым арық тазаланған. Ағымдағы жылы 13 «Жасыл белдеу» соғу жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде. Баяндамашы сонымен қатар, барлық ауылдық аймақтардағы атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерге жеке-жеке тоқталды.
«Тұрғындардың коммуналдық қарыздарын өндіру мәселесі және білім беру нысандарындағы жылыту қазандықтарының қысқа дайындығы туралы» күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның директоры Ә. Абилов баяндады.
2023-2024 жылы жылу беру маусымына бектіліген жоспарға сәйкес, қалалық қазандықтардың және қосалқы жабдықтардың жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жылу беру маусымына дайын. Қажетті отындық қара май көлемі 13978 тонна, алдынғы маусымнан қалған 1040 тонна, сатып алынатын қара май көлемі 12938 тонна. Отындық қара май (мазут) қалалық қазандыққа бекітілген кестеге сәйкес жеткізілуде. Ауылдық аймақтардағы орналасқан білім беру және бала-бақша нысандарындағы жылыту қазандықтардың қысқа дайындағы туралы құжаттар әзірленіп бекітілген. Қазандықтарға машинист, операторлар әр қазандыққа смендік жұмыс орындарына 4 адамнан қабылдануда. Қазандықтар отынмен толық қамтамасыз етілген. Табиғи газ отынын пайдалануға «КазТансГазАймақ» АҚ ЖӨФ келісім-шарт жасалынуда.
Жыл басынан бергі 5509 абоненттердің берешек қарыз көлемі 30 млн 737 мың теңге. Коммуналдық қызметтер бойынша қарыздарды өтеуге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша » Облыс әкімінің ісссапары бойынша дайындық мәселелері» туралы аудан әкімінің орынбасары Қ. Аманов дайындық жұмыстарының барысын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.