Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.Ж.Тасеменовтың төрағалығымен қала әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2024 жылғы 25 шілдедегі №03-9/32, №03-9/33 және №03-9/34 шешімдерінің негізінде Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік көліктерді тек заңнама талаптары негізінде пайдалану және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында баяндама жасалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер талқыланып, сұрақтарына жауаптар берілді.