Жалпақ әлемді үрей құшағында ұстап тұрған коронавирустық инфекция елдерді жаппай карантинге жабуға дейін жеткізді. Нәтижесінде, кәсіпорындар, мекемелер мен күллі әлеуметтік нысандар төтенше жағдай режимі шешілгенше жұмысын тоқтатты. Қызметкерлерлер қашықтықтан жұмыс істеуге көшіп, сақтық шаралары барынша күшейтілді.
Солардың қатарында түзеу мекемелерінде де санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылауға алынды. Маскалық режим енгізіліп, жазасын өтеушілердің туыстарымен кездесуі шектелді.
Аталған мекемелерде енгізілген карантин режимі жеңілдетілгенше, жазасын өтеушілер де қарап жатпауды жөн көрген. Нәтижесінде сотталғандар жуық арада жақындарымен жолығуға мүмкіндік алатындай үміті оянды.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер кездесу бөлмесін безендіруге кірісіп кетті. Аталған шара аясында сотталған азаматтар бөлме қабырғаларына танымал мультфильм кейіпкерлерін салып, қабырғаларды әрледі.
Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты