КЕЗДЕСУ

156
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандағы Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлер және Тәуелсіздік таңының жақындауына атсалысқан желтоқсаншылармен кездесті.
Жиын барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы Чернобыль апаты орын алған кезде апаттың зардабын жоюға атсалысқан ардагерлердің еңбегі және еліміздің еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерліктері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, патриоттық тәрбие екендігіне тоқталып, қоғамдық ұйымдардың проблемалық мәселелерін тыңдады.
Өз кезегінде аудандық «Чернобыль апатынан жоюға қатысушылар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Өскенбеков, аудандық «Тәуелсіздіктің таңы – Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Есмаханов сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Жиынға қатысушылардың талап-тілектерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы айтылған ұсыныстардың назарға алынатындығын, қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауданның дамуы жолындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруда белсенді болу керектігін айтып, жиынды қорытындылады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.