Кездескісі келмеді: 20 жыл бойы тұнғышын іздеген ана ұлын тапты

80

Бұл туралы «Дау-дамайсыз» бағдарламасында айтылды.

Ақшагүл Көшекбаеваның айтуынша, ата-енесі ұлын қайын ағасына беріп жіберген. Қазір кейуананың жасы 70-те, ал ұлы Нұрлан 50-ге жеткен. Бұған дейін темір торға тоғытылғаннан кейін отбасымен мүлде араласпай қойған.

Ақшагүл Көшекбаеваның кенже қызы үлкен ағасын мүлде көрмеген.

Нұрлан түрмеден шыққан соң хабар-ошарсыз кеткен, ал отбасы оны бір блогердің парақшасынан үйсіз жүргенін көрген.

Кейін Ақшагүл Көшекбаеваның тұңғышы Алматы облысындағы «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығынан» табылды.

Бір қызығы, Нұрлан ата-анасы қайтыс болды деп ойлаған.

«Ата-анам қайтыс болды деген хабарды естігенде өзімді қатты кінәладым. Көңілім қатты босап кетті», — деді Нұрлан.

Алайда Нұрлан анасымен кездесуден бас тартты.

Видео кадры

 

Кездескісі келмеді: 20 жыл бойы тұнғышын іздеген ана ұлын тапты

Leave A Reply

Your email address will not be published.