«Кетші-ей!» Мәдина Тоқтар Серіковтің «барахолка» дегеніне ашуланып қалды

283

Әнші Мәдина Сәдуақасова өнердегі әріптесі Тоқтар Серіковтің қалжыңын көтере алмай, бұлқан-талқан болып ашуланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видео Instagram-дағы Bridgetv_qazaqstan парақшасында жарияланды. Онда Мәдина елордадағы әуежай алдында қолына гүл алып, бір топ әншінің ортасында тұр.

Көп әншінің арасында белгілі өнер иесі Тоқтар Серіков те бар. Бір кезде Серіков автобустың ішіне кіріп бара жатып «барахолка» деп айғайлайды. Оның бұл сөзі Мәдинаға ұнамай қалады.

Ұятқа қалдырмай. Қойш-ей. Өзіміз жұлдыз болып келе жатсақ, «барахолка» дегені несі? Кетші-ей әрі,

— деді Мәдина Сәдуақасова.

Ал Мәдинаның бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының шамына тиді.

«Несі «позор», «Мәдина аспаннан түскендей болмашы, жерге түс», «Халықтың ақшасына «жұлдыз» болып жүрсіңдер», «Барахолканы менсінбей қалыпты ғой. Өзі шетелден киінетін бе еді?»

— деп жазды желідегі жұрт

Leave A Reply

Your email address will not be published.