Кешенді қызметті онлайн алу

364

Сотылықтың болуы неменсе болмауы туралы анықтаманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін).
  3. Нотариалды түрде куәландырылған сенімхат – көрсетілетін қызметті алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде.
  4. Кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына анықтама алу кезінде туыстық байланыстарын растау үшін туу туралы куәлік (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының бұрынғы анықтамалық деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні (күні, айы, жылы) бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама алу үшін ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы олардың ауыстырылғандығын растайтын құжатты ұсынады.

Кешенді қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Қызмет алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторымен берілген қызмет алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық сұрау толтыру, оның ішінде қызмет көрсету нәтижесін қағаз жүзінде алу үшін  Мемлекеттік филиал мекенжайын таңдаумен шетелге шығу үшін анықтама беру. Апостиль қою қажет болғанда шетел мемлекетінің атауы  қосымша  таңдалады («бір өтініш» ұстанымы бойынша қызметтің нәтижесін ұсынатын ел) және мемлекеттік баж салығы төленеді.

Аманкулов Канатжан Бахытжанович

Сарысу аудандық халыққа қызмет

көрсету бойынша бөлімінің басшысы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.