Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңесте алдымен қала әкімдігі медиа орталығы директорының міндетін атқарушы Назерке Болат күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – кері байланыс бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.![]()

– Қазіргі уақыт талабына сай халықтың басым бөлігі ақпаратты әлеуметтік желіден алатындықтан, бізде әлеуметтік желідегі жұмысқа жіті назар аударамыз.

Тараз қаласы әкімдігінің желідегі парақшаларында қаланың тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар дер кезінде жарияланып отырады. Тұрғындар шағымына да барынша «Алтын сағат» қағидасын ұстанып, жауап беруге тырысамыз.![]()

Бүгінде әкімдіктің «Instagram» парақшасында 100 мыңға жуық (93,5 мың) жазылушы бар. Ал, «Facebook-та» — 6202. Жыл басынан бері әкімдіктің әлеуметтік желілерінде 710 жазба, 178 бейнеролик, 343 баннер және 187 сайтқа материал уақытылы жарияланып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін 783 сұраққа уақытылы жауап ұсынылса, 4 сұрағына жауап берілмеді. Жауап ұсынылмау себебі – 4 сұрақ қала құзырына қарасты болмағандықтан кері байланыс жасалынған жоқ, – деген Назерке Манатқызы тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілерге түсіп отырған өтініш-арыздарға шұғыл және сапалы жауап беріліп, барлық мәселе басты назарда екенін жеткізді.


Сонымен қатар жиында қала бюджетінің 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларының орындалуы, «Халық қатысатын бюджет» жобасының іске асырылуы, мемлекеттік сатып алу рәсімінің орындалуы, көрнекі ақпараттың тіл сауаттылығы бойынша зерделеу, жол жөндеу жұмыстарының барысы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, 2025 жылға арналған көктемгі егіс жоспары жайлы маңызды мәселелер жан-жақты қаралды.
