КЕНІШКЕ ҚҰЛАП КЕТКЕН АВТОБУСТЫ ІЗДЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

156
«Майқайыңалтын» кенішінде тереңдігі 3 метр болатын шұңқыр пайда болды. Тау жыныстарын қопарған экскаватор шұғыл түрде жер бетіне шығарылды.
Жоғары қауіптілікке байланысты кеніште құтқару-іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Еске сала кетсек, қаңтардың 4-іне қараған түні «Майқайыңалтын» фабрикасының аумағында жер опырылып құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен. Оның ішінде болған төрт адамның екеуі әлі табылмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.