«Қажымұқан» тарихи көркем фильмі көрсетілді

36

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарған «Қажымұқан» тарихи көркем фильмі көрсетілді. Фильмде алып күш иесінің балалық шағы, спорттағы жетістігі және өз ұлтына деген сүйсіпеншілігі айқын көрініс табады.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы қойған көркем туынды арқылы сотталғандар қазақ ұлтының тарихындағы ең көрнекті тұлғалардың бірі болған Қажымұқанның өмірімен, оның жетістіктерімен танысып, жақсы қырлары мен игі қасиеттерінен үлгі алды.

Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы.

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан туралы көркем фильм көпшіліктің көңілінен шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.