ҚАЖ мекемесінде Конституция күні аталып өтілді

124

Конституция күні – халқымыз үшін ең қастерлі, ең ұлық мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 28 жыл толып отыр. Соған орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінде мерекеге арналған мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Әуелі мекемеденің клубында сотталғандардың қатысуымен мерекелік концерт өткізілді. Оның бағдарламасына сәйкес, вокалдық және поэзиялық нөмірлер қойылып, жазасын өтеушілер Конституцияның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихымен таныстырылды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында сотталған азаматтар арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс өткізілді. Атап айтқанда, олар футбол, арқан тартыс және қол күрес сынды ойындарға қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұдан бөлек, мекеме кітапханасында шахмат турнирі ұйымдастырылды. Аталған жарыстарда үздік шыққан жазасын өтеушілер мекеме басшылығы атына мадақтауға ұсынылды.

– Мен сотталғандарға мерекелік бағдарламаны айтқан кезде барлығы шын ықыласпен қабылдады. Бұл демалыстың бір түрі, шынында біраз уақытқа серігу мүмкіндігі. Мұндай іс-шаралар мекемедегі климатты, ұйымшылдықты, командада жұмыс істей білуді жақсарту үшін өте маңызды рөл атқарады, сондай-ақ сотталғандарды босау жолында ынталандырады», — дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.