Жамбыл обылысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде апталық сенбілік өтті.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аралдықтар бүгін мекеме бастығы м.а Жасұлан Сәкенұлының бастауымен мекеменің аумағын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың сенбілік шарасыы ұйымдастырылды .
Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашқан.Игі іс-шарадан қалыс қалмай, таңмен таласып мекеме қызметкерлері ат салысты. Таза ел болу, таза болашақ болу – бірлігі жарасқан елдегі осындай бір үлкен игі іс-шараның басында болуды өзіміз сондай мәртебе санаймыз.