ҚАЖ департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды

86

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ағымдағы жылдың 9 айының жұмысын қорытындылап, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттерді пысықтады. Департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың басшылығымен өткен жедел-қызметтік қорытынды кеңеске департаменттің жеке құрамы, бағынысты түзеу мекемелерінің бастықтары қатысты.

Жиын барысында ҚАЖ қызметінің үстіміздегі жылдың 9 айындағы негізгі көрсеткіштер айтылды. Жедел-қызметтік және өндірістік-шаруашылық, қаржылық қызметтерінің қорытындылары шығарылды. Осылайша, 4-ші тоқсанда әр бөлімге тиесілі міндеттер бөлінді. Бұдан бөлек, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы, кадр және тәрбие жұмысы, жеке құрам қызметкерлерімен қоса арнайы контингентті психологиялық қамтамасыз ету сынды көптеген мәселелер талқыға түсті.

— Бүгінгі басқосуда ҚАЖ саласының барлық бағыттары бойынща орын алған кемшіліктер айтылды. Оларды қысқа мерзімде жою шаралары қарастырылды. Бастысы, міндет – айқын, талап – қатаң. Әрбір басшы, әрбір қызметкер мұны жадында сақтауы тиіс. Міндетті мінсіз атқару – бәріміздің ортақ парызымыз, — деді жиын қорытындысында Нияз Қанатұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.