«Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларының талаптары орындалуда

388

Ағымдағы жылдың 23-қарашасы күні «Қазфосфат» ЖШС-інде орын алған жағдайға байланысты облыс басшылығының, тиісті орындардың және серіктестік қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылып, кездесулер өткен болатын.

Кездесулерде жұмысшылар тарапынан еңбек қатынастары бойынша 14 мәселе көтерілген. Олардың қатарында: іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, айлықты көтеру, емдеу, сауықтыруға қаражат қарастыру, цехтардағы зиянды жұмыстар бойынша теңсіздікті қарастыру, арнайы жұмыс киімді мерзімінде ауыстыру және сапасын жоғарлату, жұмысшыларды тасымалдау орындарын ұлғайту, жақсы әрі сыйымды көліктермен қамту және тағы басқа сауалдар қаралды.

Құрылған арнайы топ пен ЖШС әкімшілігінің  бүгінге дейін жүргізген жан-жақты жұмысының нәтижесінде мәселелер оңынан шешілуде.

Айта кетейік, бұл мәселелер бұған дейін де компания басшылығының назарына алынып, орындалуы жоспарда болған.

Қабылданған шараларға сәйкес жұмысшалырдың қажетті материалдарын қалаған тілінде беру мәселесі қатаң бақылауға алынатын болады.

Сондай-ақ, «Казфосфат» ЖШС-і қызметкерлерінің айлық жалақысы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға, 1 шілдесінен бастап 15%-ға көтеріліп (орташа 216,5 мың теңге), 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы да 10%-ға  және 1 шілдеде 10%-ға көтерілген.

Бүгінгі күнге орташа айлық көлемі 255,9 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, а.ж. желтоқсан айында 13-ші айлық жалақы (100% көлемінде) барлық қызметкерлерге беріледі. Айта  кетейік, 2021 жылдың 13-ші айлығы 2022 жылдың қаңтар айында берілген.

Ендігі кезекте, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 50 мың теңгеге, 1 шілдесінен бастап 30 мың теңгеге. көтеріледі және 2024 жылдан бастап шынайы инфляция құнын ескере отырып, жалақыға қосымша жыл сайын қосылып отыратын болады.

Бұдан бөлек, компания қызметкерлерін емдеу, сауықтыруға жіберу бойынша келесі жылдан бастап 4 санаторимен келісім-шарт жасалады. ЖШС-нің «Коктал» санаториіне қосымша 5 санаторий ұсынылады.

Қазіргі таңда «Казфосфат» ЖШС-нің цехтарында зиянды жұмыстары бойынша өтемақы төленіп келеді. 2023 жылдан бастап ЖШС-тің барлық өндірісітік цехтары қайта аккредитациядан өтіп, заңнама талаптарына сәйкес цехтар жұмысшыларына зиянды жұмыс жағдайы бойынша өтемақы жаңадан бекітіледі.

«Казфосфат» ЖШС-нің қызметкерлері толығымен кәсіби жұмыс киім және аяқ киімімен (спецформа) қамтылған десек, алдағы уақытта сол кәсіби жұмыс киімінің сапасы қайта қаралып, пайдалануы бір мерзімдік мезгілде ауыстырылатын болады.

Сол секілді «Казфосфат» ЖШС-нің жұмысшыларын тасымалдау бойынша автопарктермен келісім шарт жасалған. 2023 жылдың қаңтар айынан қосымша жаңа автобустармен жұмысшыларды тасымалдау мәселесі шешілетін болады. Биылғы жылдың соңына дейін жұмысшыларды зауытқа алып кететін қосымша аялдамалар маршруттарға қосылады.

Осы және басқа да назарға алынған барлық мәселелер жедел әрі кезең-кезіңімен шешу бойынша шаралар қабылдануда. Басқа да өзекті мәселелер компания басшылығының жіті бақылауында.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.