«Қазфосфат» компаниясының 2022 жылғы жұмысының қорытындысына арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында бақылау кеңесінің мүшесі Нұрхан Нұрланов және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков, «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхаммед Жұмабек, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бағдәулет Сариев, Тараз қаласының мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеев зауыттың үздік қызметкерлерін, «Еңбек ардагері» «Еңбек озаты», медальдарымен, «Химия өнерінің үздік қызметкері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Химия өндірісіне қосқан үлесі үшін», «Өндіріс үміті» төсбелгілерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Марапаттарға кәсіпорында ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткендер, сондай-ақ жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер ие болды.
Нұрхан Нұрланов өзінің салтанатты сөзінде 2022 жылы қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға көтерілгенін атап өтті. Ал 2023 жылы тағы 80 000 теңгеге өсетінін атап көрсетті.
Желтоқсан айында бір лауазымдық жалақы көлемінде жыл сайынғы үстемеақы 13 жалақы төленді.
«Қазфосфат» кәсіпорны қызметкерлерінің көп балалы отбасыларын атаулы әлеуметтік көмекпен қамту ұлғайтылды. 2022 жылы, бұл көмекті 1700 жұмысшы алды.
Атап өткендей, компания жұмысының маңызды бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыру саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Келесі жылы Жаңатас қаласындағы 226 пәтерді қамтитын «ҮШ БИ» тұрғын үй кешенін қайта жаңғырту жоспарлануда.
Ағымдағы жылы «Қазфосфат» ЖШС мен «Отбасы Банкі» АҚ қызметкерлерді несиелеу туралы меморандумға қол қойды, онда Компания қызметкерлердің жеке тұрғын үй сатып алу мақсатында аралық тұрғын үй несиесін алуы үшін бастапқы жарнаны қалыптастыруға қолдау көрсетеді.
«ҚАЗФОСФАТ» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені