Күні кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлының төрағалығымен «Той мәдениеті – ұлт мәдениеті» тақырыбында маңызды жиын өтті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов, «AMANAT» партиясының аудандық филиал төрағасы Болатхан Ниязбеков, ардагерлер алқасының төрағасы Ержан Көрікбайұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Тынышхан Аристеев, аудандық полиция бөлімі бастығы Болат Мұсақұлов, асабалар алқасының төрағасы Нариман Мурзахулов, сондай-ақ асабалар, мейрамхана және тойхана иелері мен әкімшілігі қатысты.
Жиын барысында той өткізу уақытының тәртібі талқыланып, салтанатты шаралардың кешкі сағат 23:00-ге дейін аяқталуы жөнінде ортақ келісімге келініп, тиісті меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, облыстық «Үздік аймақ» байқауының «Той мәдениеті – ұлт мәдениеті» жобасы бойынша 2025 жылғы қорытындыда Шу ауданы үздік деп танылып, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің марапатына ие болды.
Жиын соңында бірқатар ауданның үздік асабалары асабалар алқасының мүшелігіне қабылданды.
Ұлттық құндылықты ұлықтайтын бұл бастама қоғам мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ.