Қазақстанның үш қаласында жаңа тұрғын үйлер күрт қымбаттады

47

Баспана нарығында бір жылда жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы тамызда 17% артқан. Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда 18%, Семейде 16%, Павлодарда 15,5% қымбаттады.

Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары. Барлық әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлік деңгейін барынша жоғарылатты.

 

jambylinfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.