1 ақпандағы соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 10 118 282 әйел тұрады деп хабарлады turkystan.kz.
Статбюроның мәліметінше, оның 6,3 млн-ы қалалық жерде, 3,7 млн-ы ауылды жерлерде тұрады. Өңірлер бөлінісінде әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1 157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облыстары (753 562) көш бастап тұр.
«Қазақстандық қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7 жасты құрайды. Айта кетейік, көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға ұлғайды. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсе бастап, 78,3 жасты құрады», – делінген хабарламада.
Еңбек нарығында 4 302,6 мың әйел жұмыспен қамтылған.
«Олардың басым көпшілігі білім беру саласында еңбектенеді – 851 мың, тағы 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады, 451 мыңы – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. 401 мың әйел денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. Тек 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 849 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы болып келеді, бұл тіркелген ЖК-нің жалпы санының 53,5%-ын құрайды.