Қазақстаннан Өзбекстанға есірткі тасымалдамақ болған шетелдік азамат жеті жылға сотталды

78

сот

Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам заңсыз 27 грамм «гашиш» пен бес грамм «марихуана» алып өтпек болған. Ол Қазақстаннан Өзбекстанға өтіп бара жатқан жерінде Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне ұсталды.

«Күдікті есірткіні қағазға орып, шалбар мен киімге жасырған. Оларды тексеру кезінде шекарашылар байқап қалып, барлық мән-жайды анықтау үшін полиция шақырған. Тәртіп сақшылары табылған заттай айғақты тәркілеп, аталған фактіні тіркеді. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 286 бабы бойынша «Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы» және Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296 бабы бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз айналысу», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 50 жастағы өзбек азаматын екі бап бойынша кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды.

https://stan.kz/kazakstannan-ozbekstanga-esirtki-tasimaldamak-bolgan-sh-372387/

Leave A Reply

Your email address will not be published.