Қазақстанға Оңтүстік Корея президенті келеді

72

Фото: Ақорда

“Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді” делінген Ақорда хабарламасында.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылатыны айтылған.

Айта кетейік, Президент Тоқаев былтыр Нью-Йоркқа жұмыс сапарын Корея Президенті Юн Сок Ёльмен кездесіп қорытындылаған болатын.

Кездесуде Қазақстан президенті екіжақты тауар айналымы 2022 жылы  6 миллиард доллардан асып, тұрақты өсім байқалып отырғанын айтты. Сонымен қатар корей компанияларының Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жалпы көлемі 8 миллиард доллардан асып, еліміздегі ең ірі 10 инвестордың қатарында нық тұрғанын жеткізген.

Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам кореялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында KIA, Hyundai, Samsung, LG және басқа да компаниялар бар.

https://stan.kz/tokaev-kazakstanga-koreya-prezidentin-shakirdi-401367/

Leave A Reply

Your email address will not be published.