Қазақстандықтарға тұрғын үй көмегі тағайындалады

159

Қазақстанда аз қамтылған азаматтар мемлекет есебінен жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер ала алады. Тұрғын үй көмегі де жалпы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға тағайындалады.

Ол коммуналдық төлемдер мен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.

Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚО-ға барып өтініш тапсыру керек. Өтінішпен бірге отбасының табысын растайтын құжаттар, жұмыс орнынан немесе жұмыссыз деген анықтама, коммуналдық төлемдердің түбіртегі және жеке куәлік болуы тиіс.

Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады. Электрондық өтінішке қол қою үшін ЭЦҚ қажет.
Қызметтің жауабы 8 жұмыс күн ішінде жеке кабинетке келіп түседі.

Шалқар Елемес,

Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.