Қазақстандықтар желтоқсан айында 13 күн демалады

518

Желтоқсан айында елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтеді. Сәйкесінше, қазақстандықтарға қосымша төрт күн демалыс беріледі.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні биыл сенбіге келіп тұр. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. Сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады.

16-17 желтоқсан күндері Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, Қазақстан тұрғындары 15,16,17 және 18 желтоқсанда — төрт күн демалады.

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Сондықтан, дүйсенбі — 31 желтоқсандағы жұмыс күні сенбі — 29 желтоқсанға ауыстырылады және қазақстандықтар 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін тағы төрт күн демалады.

Биыл 27 жылдығы тойланатын Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан аралығында аталып өтеді. Ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр.

Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күнен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.