Қазақстандықтар 22 шілдеде автокөліксіз жүрмек

144

Елімізде 22 шілдеде «Автокөліксіз күн» челленджі өтеді, деп хабарлады 24.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында отандастырымыз бір күн көліктен бас тартпақ.

Осылайша, ауаның ластануы мен улы газдардың бөлінуін азайту көзделіп отыр.

Ұйымдастырушылар азаматтарға қоғамдық көлік, велосипед, скутер немесе жаяу жүруге кеңес береді.

Қатысушылар #Автокөліксізкүн хэштегін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фото немесе бейнероликтер бөлісе алады

Leave A Reply

Your email address will not be published.