Борттың MFY 2067 нөмірі оның «Нұртау» яхтасы екенін анықтауға көмектесті. Оны 2007 жылы «Казмортрансфлот» ұлттық кеме компаниясы (ҚМТФ; «Қазмұнайгаз» АҚ еншілес кәсіпорны) 488 миллион теңгеге сатып алған.
“Казмортрансфлоты” яхтаны үш рет ашық аукцион арқылы сатуға тырысқан. Бұл ретте яхтаның бастапқы бағасы уақыт өткен сайын көтерілген. 2019 жылдың қыркүйегінде ол 269,8 млн теңгені құраса, 2021 жылдың қыркүйегінде 878,9 млн теңге болған.
Баға үш (!) еседен астам өскен. Дегенмен 2006 жылы Ұлыбританияда салынған яхтаның физикалық тозуы 63%-дан асқан.