Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

23

Словенияның Терме Чатеж қаласында өткен U14–U18 жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталды.

Жарыстың соңғы күні Қазақстанның жас шахматшылары 10 медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын (Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов).

Осы жыл шахмат сүйер қауымды жағымды жаңалықтарымен қуантуды жалғастырып жатыр. Бізде рекордтық медаль саны бар. Оның көпшілігін жап-жас балалар жеңіп алды. Жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында да осындай нәтижеге қол жетіп, спортшыларымызды мақтан тұтуымызға жаңа себеп пайда болды. Біздің қоржынымызда 10 медаль бар. Шахматшыларды, олардың жаттықтырушылары мен ата-аналарын осынау тамаша нәтижемен құттықтаймын. Бұл үлкен спорттық сапардың басы ғана екеніне кәміл сенемін, — деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

U14–U18 жастар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына (FIDE World Youth Rapid & Blitz Championships 2024) 36 елдің 320-ға жуық жас шахматшысы қатысты. Қатысушылардың арасында 1 гроссмейстер (GM), 4 халықаралық шебер (IM), әйелдер арасындағы 1 халықаралық шебер (WIM), 37 ФИДЕ шебері (FM) және әйелдер арасындағы 16 ФИДЕ шебері (WFM) бар.

KazChess/Қазақстан шахмат федерациясына 16 жас шахматшы өкілдік етеді.

Жүлдегерлер (рапид):

  • G14: 2 Әсия Асылхан, 3 WFM Елназ Қалиахмет
  • G16: 3 WCM Дениза Құрманәлина
  • G18: 2 WIM Әмина Қайырбекова
  • O16: 2 FM Мирас Асылов,  IM Даниял Сапенов

Блиц турнирінде жоғары нәтижеге қол жеткізілді – 4 медаль, соның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 1 қола.

1 Елназ Қалиахмет (G14) – 16 ұпай.

1 Даниял Сапенов (O16) – 16½ ұпай.

2 Амина Қайырбекова (G18) – 16 ұпай.

3 Мирас Асылов (O16) – 16 ұпай.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.