Қазақстандық садақшылар Батумидегі турнирде 9 медаль алды

104

Батумиде (Грузия) садақ атудан өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бунед Мирзаматов, Адель Жексенбинова (блокты садақтан ату), Ильфат Абдуллин (классикалық садақ) алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан командалық жарыстарда тұғырдың бірінші сатысына үш рет көтерілді (блокты садақ (микс), классикалық садақ (микс және ерлер командасы).

Классикалық садақтан атудан Санжар Мұсаев екінші орын алды. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер командалары арасында Қазақстан екі қола медальға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.