Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

186

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Leave A Reply

Your email address will not be published.