Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланған: «Қазақмыс» оның қашып жүрмегенін мәлімдеді

61

Фото: instagram.com/gknb.official

Бұған дейін желіде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматы, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС топ-менеджері, «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компанияларының акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болған.


 

Қазақстандық шенеуніктердің АҚШ-та сатып алған мүліктері жарияланды


«Владимир Жұманбаевтың Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында көрсетілген құрылымдарға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Ол қазір еңбек демалысында. Жұманбаев ешкімнен қашып жүрген жоқ, тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Сонымен бірге, Қырғызстан тарапынан «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ», –  делінген хабарламада.

 

«Вертекс Голд» компаниясының иесі Владимир Жұманбаев Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке ілінді. Деректерге сай Жұманбаев Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біле тұра бірлескен бизнес-жобаларды жүргізу үшін онымен байланыс орнатқан.

Тергеу мәліметтері бойынша, Жұманбаевтың Қырғызстандағы алтын өндіруші компаниясы 2021 жылдан 2023 жылға дейін ай сайын 1 миллион сомды қылмыстық ұйымға жіберіп отырған.

https://stan.kz/kazakstandik-kasipkerge-kirgizstanda-izdeu-zhariyalanga-401280/

Leave A Reply

Your email address will not be published.