Қазақстандық әуе компаниялар рекорд орнатты

90

Қазақстандық әуе компаниялар рекорд орнатты
 ашық дереккөз

Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты. Әуе тасымалдар халық арасында көліктің неғұрлым танымал түріне айналып жатыр. Жолаушылар тасымалының 23%-ға ұлғаюы – мұның бірден бір дәлелі.

Көлік министрлігі авиация саласындағы биылғы жетістікер туралы айтты.

  • Биыл қазақстандық авиакомпаниялар рекорд көрсеткішке қол жеткізіп, тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетті.
  • Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркі 89-дан 99 бірлікке дейін, ал кресло-орындардың сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін ұлғайды.
  • Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы салынып жатыр. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусым айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.
  • Барлық өңірді қолжетімді авиатасымалдармен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланды.

Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22% артық. Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейс болды. 28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды

https://turkystan.kz/article/238315-aza-standy-ue-kompaniyalar-rekord-ornatty

Leave A Reply

Your email address will not be published.