https://turkystan.kz/article/266186-qazaqstandyq-ansi-novaia-volna-2025-baiqauynda-zenimpaz-atandy
Қазақстандық әнші Alex Lim «Новая волна – 2025» халықаралық жас орындаушылар байқауында жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазылар алқасының төрағасы Игорь Крутой байқау қорытындысын жариялаған сәттің видеосын қазақстандық өнерпаз Instagram парақшасында жариялады.
– 2025 жылы Қазанда өткен “Жаңа толқынның” жеңімпазы — Alex Lim, — деп жариялады Крутой.
БАҚ мәліметінше, екінші орынды Ресейдің “Оберег” фолк-тобы иеленсе, үшінші орынды ресейлік Jummy және қазақстандық Yernazar бөлісті.
Айта кетейік, Alex Lim Балқашта туған. Ол көптеген вокалдық байқаулар мен жобаларға қатысқан. Жоғары білімді Тверь қаласында алған, арнайы музыкалық білімі жоқ екені конкурс сайтында көрсетілген.
33 жастағы қазақстандық – «Жаңа толқын» тарихында жеңіске жеткен еліміздің алғашқы өкілі.
21 тамызда басталған байқау Қазандағы New Wave Hall концерт залында өтті. Шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан және Ресейден келген 13 финалист қатысты.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266186-qazaqstandyq-ansi-novaia-volna-2025-baiqauynda-zenimpaz-atandy