Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру керек

95

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударды. Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру екенін баса айтқан Президент бұл бағытта жұмыстарды одан әрі күшейту керектігін жеткізді.

«Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.
Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Жалпы жасанды интелект адам баласының бүгінгі онлайн және оффлайн өміріне тікелей байланысты. Жаһандану дәуірінің айырылмас бөлшегіне айналған жасанды интеллект бүгінде адам санасының аналогынан басқасының барлығын жасап шығарды. Осының арқасында жаһандану жетістігі күллі әлемді шарпыды. Бүгінгі ғалымдар компьютер мүмкіндігін бірнеше мың есеге күшейткенімен, оны бағдарламалау кодының шеңберінен шығаруға қол жеткізе алмады. Негізінде, «жасанды интеллект» тіркесі адамның санасын жасанды жолмен жасау идеясын арқалағандықтан, ол адам сияқты еркін ойлау қабілетіне ие болуы тиіс еді.
Жасанды интеллект адам өміріндегі барлық салаға ептеп еніп, өмір сүру сапасын жеңілдетіп отыр. Алайда, жасанды интеллект пен деректерді талдау бағытын дамытып жатқан университеттер мен білім беру бағдарламалары бар, бірақ тым аз. Сондықтан жасанды интеллектінің пайда болуы білім беру саласына айтарлықтай өзгеріс әкелері сөзсіз.
Жасанды интелект десе біз барлығымыздың ойымызға бірден интернет әлемі, компьютерлік құрылғылар мен робототехника келеді. Расында солай әрі бұл заман талабы. Бүгін біз күнделікті қолданатын Apple өнімдеріндегі Siri дауыс қызметі де, әр сұрағымызға жауап іздейтін Google браузері, әлеуметтік желілерде бізге ұнайтын контентті дәл тауып ұсынатын бағдарлама да, мессенджер де, біз жазғымыз келетін сөзді алдын ала болжай алатын пернетақта қызметі де, жол көрсететін GPS те – бәрі, бәрі жасанды интеллект. Демек, жасанды интеллект адам баласының күнделікті өміріне әбден сіңіп үлгерді. Қазіргі таңда ғалымдар жасанды интеллект мүмкіндіктерін адам санасы сияқты білім жинау, жоспарлау, болжау және үйрену сынды функиялармен толықтыруға тырысып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.