Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары негізсіз қымбаттамауға тиіс

57

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Басқосуда өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының барысы қаралды.

Шарада алғаш болып баяндама жасаған аталған комиссияның мүшесі Керімқұл Бегалиев соңғы бір апта ішінде 2 тауар түрінің бағасы көтерілгенін жеткізді. Атап айтқанда, күріш 403 теңгеден 406 теңгеге, тауық жұмыртқасы 40 теңгеден 44 теңгеге қымбаттаған. Ал, қырыққабат 162 теңгеден 155 теңгеге, сәбіз 162 теңгеден 161 теңгеге арзандаған.

Бұдан өзге, соңғы бір айда рожки 280 теңгеден 285 теңгеге, тұздалмаған сары май 3191 теңгеден 3238 теңгеге, күріш 346 теңгеден 350 теңгеге, айран бағасы 323 теңгеден 326 теңгеге өскен.

Аталған тауар бағаларына жауапты ҚР Сауда және интеграция министірлігінің Жамбыл облысы бойынша сауда және тұынушылық құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев 23 кәсіпкерлікке ескерту беріліп бұзушылықтар жойылса, 3-не айыппұл салынғанын атап өтті. Олардың ішінде, «DADA», «Halyk», «Барчиной», «Магнит», «Сафият» сынды шағын сауда желілері бар екен.

Өз кезегінде, «Тараз» әлеуметік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Ботабаев тұрақтандыру қоры бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның сөзінше, қазіргі таңда қорда 3260 тонна қант, 200 тонна сәбіз, 1390 тонна картоп, 66,3 тонна қарақұмық, 155,7 тонна сұйық май, 48 тонна күріш пен 3,2 тонна ас тұзы бар. Алдағы уақытта бұл тауарлардың көлемін арттыру бойынша бірқатар өңірлермен және мекемелермен келісім-шарттар жасалып жатқан көрінеді.

Жиында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жауапты мекеме өкілдеріне бағаны тұрақтандыру мен қордағы тауарларды ұстап тұру бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар сауда нүктелеріне қадағалауды күшейту туралы пікірлерін де білдірді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.