Қазақстандағы әзербайжан диаспорасы өкілдерін бопсаламақ болған ұрылар әлемінің «серкесі» ұсталды

862

 Қазақстанда тұрып жатқан әзербайжан диаспорасынан шыққан кәсіпкерлерді бопсаламақ болған ұрылар әлемінің серкесі ұсталды.  Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР ІІМ, ҰҚК және Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері Щучье қаласындағы қонақ үйлердің бірінінің нөмерінен Грузия мен Әзербайжан аумағында қылмыстық іс-әрекетпен айналысқан, өзін «вор в законе»  кастасына қатысты санайтын Әзербайжан Республикасының азаматын қолға түсірді. Ұсталған адамнан оғы бар тапанша, граната және есірткі заттары тәркіленді», — деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, күдікті Қазақстанға Тбилисиден әуе рейсімен келген.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол туған-туысы Грузия мен Әзербайжан Республикасында тұратын әзербайжан диаспорасынан шыққан кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысуды жоспарлаған. Ұсталған адам уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Алмас Садубаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.