Қазақстанда зейнетақы, бюджеттік жалақы мен әлеуметтік төлемдер артады — министр

37

Қазақстанда зейнетақы мөлшері, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегі өседі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенаттағы Taldau Talks подкастының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Заң бойынша біз зейнетақыны, бюджеттік сала қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын инфляция деңгейінде өтеуіміз керек. Біз мұны орындап жатырмыз. 20 пайыздық инфляция кезінде бұл 800 миллиард теңгені құрады. Ал 16 пайыздық инфляция жағдайында шамамен 500-550 миллиард теңге көлемінде қаражат қажет болады. Тарифтердің өсуіне байланысты бұл төлемдер міндетті түрде артады», – деді Жұманғарин.

Фото: gov.kz

https://buginmedia.kz/1385/aza-standa-zeyneta-y-byudzhettik-zhala-y-men-leumettik-t-lemder-artady-ministr?fbclid=IwY2xjawImichleHRuA2FlbQIxMQABHWez2OGikplmOvbhkjP-bXSx2DyFWI1XP9X9eXdBPzT1JJ7lGmgaACH1NQ_aem_58NxDIj0GK9XpQz0J83fgw

Leave A Reply

Your email address will not be published.