Фото: Бейнеден алынды
Ал депутаттардың пікірінше, студенттер жұмыс орнында оқу арқылы уақыт үнемдейді. Шығындары да айтарлықтай азаяды. Әрі, академиялық ұтқырлық жобасы аясында колледж студенттері үшін көптеген мүмкіндік туындайды. Яғни, кез келген тәлімгерге барлық заманауи жабдықтармен қамтылған өзге білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, технологиялары және білім алу құралдары қолжетімді болады.
Ал Асхат Аймағамбетов заң жобасына қатысты түйткілді мәселе бар деп отыр. Өйткені, комитет алдымен аудиториялық сабақтар жойыла ма, жоқ па, соны анықтауы қажет.
Сондай-ақ, қандай мамандықтар онлайн оқытуға ауыстырылатыны нақтылануға тиіс. Себебі, дәнекерлеу, құрылыс секілді мамандықтарды меңгеріп жүргендер үшін қашықтан оқу тиімді болмауы мүмкін екен.https://stan.kz/kazakstanda-tehnikalik-zhane-kasiptik-bilim-beru-salasi-389672/