Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Назарбаев келушілерге жылы лебіздері мен шынайы тілектерін білдірді.
“Осындай қиын сәтте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көңіл айту жеделхатын алдым. Бірқатар мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері мен Қазақстан азаматтары қайғыма ортақтасып, көңіл айтты. Мен барлығына шын жүректен алғыс айтамын», – деді экс-президент.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын туралы айтып, бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.
“Әр ұрпақтың өз жолы, өз міндеті бар. Келесі ұрпақ өз өзгерістерін әкеледі. Өзгеріссіз даму да болмайды, алға баса алмаймыз», – деді Назарбаев.
Сондай-ақ Назарбаев Қазақстанда ешқашан соғыс болмағанын еске салды.
“Бүгін мен туралы көптің не айтатынын білемін, бірақ мен қолдан келгеннің бәрін жасадым, Қазақстанда соғыс болған жоқ», — деді Бүркітбай.https://stan.kz/kazakstanda-sogis-bolmas-ushin-koldan-kelgennin-barin-z-391355/