Қазақстанда пәтер жалдау ақысы арзандай бастады

114

Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Баға өткен айдың ортасынан бері 20 пайызға төмендеген.

Пәтерақы Ресейге жақын орналасқан қалаларда айтарлықтай арзандаған:

 

  •  Петропавлда: -41%;
  •  Ақтөбеде: -36%;
  • -Павлодар мен Оралда -32 пайызға түскен.

Ал Астана мен Алматыда жалдау ақысының 22 және 11 пайызға арзандағаны байқалады.

«Ал бір апта ішінде, яғни 27 қазан мен 3 қараша аралығындағы өзгерістерге келетін болсақ, барлық қалада баға арзандай бастаған. Алматыда 3,6%-ға, Астанада 4,6%-ға төмендеу байқалды. Ақтөбе қаласында (-8,6%) баға айрықша арзандаған. Орта есеппен пәтер жалдау ақысы 3,8%-ға арзандады», – дейді сарапшылар.

Айта кетейік, Қазақстанда қыркүйекте жайлы тұрғын үйді жалға беру бойынша бағасы жылдық мәнде 47,2%-ға өскен еді. Қыркүйек айында тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы 4 612 теңгені құраса, бір ай бұрын жалға алудың шаршы метрі 4 029 теңгені құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.