Қазақстанда қыс мезгілінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдарға айыппұл салынбақ. Бұл нормаға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамда енді резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Ал көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады. Айыппұл болса көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың куәгерлері мұны ІІМ-ге жеткізген жағдайда артылмақ. Олардың видео және фото түріндегі дәлелі де болуы керек.
Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көліктерді қоюға тыйым салынады. Егер қыздыру бұл уақыттан асып кетсе кемінде 5 АЕК айыппұл салынбақ.
ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (2025 жылы — 19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Осыны бір жыл ішінде қайталанғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.
Фото: istockphoto.com
https://www.paryz.kz/kazakhstan-news/45158-qazaqstanda-koligin-5-minuttan-artyq-qyzdyrgany-ushin-qansha-ayyppul-salynady?fbclid=IwY2xjawHwiBxleHRuA2FlbQIxMQABHSe8AjgFSxcpvsntZ_gdviROT0uhb_it7qGqCAUkBkVvz4pvPf-BHhkCcw_aem_WJQ_O53-uHQan9ZVyWndDA