Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Жоғалған адамдардың көп бөлігі:
Алматы қаласы – 287;
Қарағанды облысы-221;
Павлодар облысы-170;
Алматы облысы – 167 тіркелген.
Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.
Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (514)
Астана қаласында (185)
Шымкент қаласында (155)
Алматы (143)
Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.
jambylinfo.kz