«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын күтіледі.
«Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түседі, бұл жаңбырдың қарға ұласуына және көктайғақ құбылыстарына әкелуі мүмкін. Батыста үш күнде де, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», — деді метеорологтар.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанған.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- батыста түнде +2…+10 градусқа дейін, күндіз +10…+15 градусқа дейін,
- солтүстікте түнде -2…-8 градусқа дейін, күндіз 0…+7 градусқа дейін,
- оңтүстікте түнде +3…+13 градусқа дейін, күндіз +8…+18 градусқа дейін.
- Фото:depositphotos.com
- Tengrinews.kz.