Қазақстанда екі бала қызылшадан көз жұмды

85

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, екі жағдай Астана және Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

«Екеуі де бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе салу жасына толмаған балалар. Балалардың бірі шала туған. Көптеген патологиялар болды, оның үстіне қызылша қосылды», — деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде қызылшадан 6 айлық сәби көз жұмған еді.

Сондай-ақ ЮНИСЕФ қорының мәліметтері бойынша Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлем елдерінің арасында бірінші орында екені айтылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, елде қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өсті.

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада жағдай ушыққанын айтты. Тәулігіне 45 вирус жұқтыру дерегі тіркеледі. Бұған дейін елордада күн сайын қызылшаның 35 жағдайы тіркелетіні хабарланды.

https://stan.kz/kazakstanda-tagi-bir-bala-kizilshadan-koz-zhymdi-393119/

Leave A Reply

Your email address will not be published.