istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/263362-qazaqstanda-doktoranturaga-qabyldau-bastaldy
Қазақстанда 3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға қабылдау емтиханына қатысуға өтініш қабылданады. Емтихан 4-тен 20 тамызға дейін өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өтініштерді онлайн түрде Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тапсыру қажет. Құжат тапсыру кезінде үміткер тек бір жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламалары тобына ғана өтініш бере алады.
3 тамызға дейін талапкерлер өтініштерін өзгерте алады – емтихан тапсыратын қаланы, тестілеу тілін немесе білім беру бағдарламалары тобын қайта таңдай алады. 9 тамызда үміткердің жеке кабинетінде емтиханның өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат жарияланады.
Емтихан сұхбаттан (30 балл), эсседен (20 балл) және бейіндік сұрақтардан (50 балл) тұрады. Грантқа немесе ақылы оқу формасына қатысу үшін талапкер кемінде 100 баллдың 75-ын жинауы қажет.
Талапкерлер қазақ тілінен ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілінен кемінде B1 деңгейіндегі сертификатты ұсынуы тиіс. TOEFL ITP тапсыратындарға ағылшын тілі бойынша қосымша тестілеу қарастырылған.
2024 жылдан бастап шет тілінен шекті деңгей B1-ге дейін төмендетілді, ал қабылданатын сертификаттар тізімі TOEIC және Duolingo English Test есебінен кеңейтілді. Сонымен қатар, бейін бойынша докторантураға түсу үшін жеңілдетілген бағдарлама енгізілді: мұндай үміткерлерден шет тілі сертификаты мен эссе талап етілмейді. Олар үшін ең жоғары балл – 80, ал өту шегі – 50 балл.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263362-qazaqstanda-doktoranturaga-qabyldau-bastaldy