Осы уақыт аралығында 700-ден астам есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айында ел аумағында 1257 есірткі жарнамалайтын сайт бұғатталды.
Сонымен қатар осы уақыт аралығында 700-ден астам есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды.
“1257 есірткіге қатысты сайт бұғатталды, оның ішінде 15 дроп-карта. Сондай-ақ есірткі туралы ақпарат таратумен айналысқан 76 арна мен бот жойылды. Барлығы 274 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде: 180 факті – есірткі сату, 64 факті – интернет арқылы есірткі жарнамалау, 3 факті – есірткі контрабандасы, 16 факті – есірткі өсімдіктерін өсіру,” – деп мәлімдеді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Полиция тоғыз ұйымдасқан қылмыстық топ пен үш есірткі притонын жойды. Сондай-ақ 17 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
“Жыл басынан бері 800 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 29 келісі – синтетикалық есірткі. Сонымен қатар 5 тонна прекурсор анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда,” – деп қорытындылады Данияр Мейірхан.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/255660-kazakstanda-bir-aida-1200-den-astam-esirtki-zharnamalaityn-sait-bug-attaldy