Қазақстанда 8 және одан да көп баласы бар отбасыға қанша жәрдемақы төленеді?

104
2023 жылы көпбалалы отбасылар 413 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды.
Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.