Фото: freepik.com
Бұл туралы президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды.
Ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы шалғайдағы ауылдардағы әйелдерге көмек көрсететін акушерлік-гинекологиялық қызмет жұмысындағы бірқатар проблемаларды атап өтті.
Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген ұлттық комиссия сарапшылары денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесулер барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.
«Ана атануға дайын болмадым»: Фариза Төреәлі жүктілігі жайлы сөз қозғады
Әйелдер консультацияларына, перзентханаларға, отбасын жоспарлау кабинеттеріне, ауылдық ауруханаларға, жастар денсаулық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету қажеттігі айтылды
Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында 7-сынып оқушысы өз әкесінен жүкті болып қалғаны туралы жазған едік.
https://stan.kz/kazakstanda-40-zhuktilik-zhosparlanbagan-400757/