Қазақстан экономикасы қаңтарда 5,6 пайызға өсті

117

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2023 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,3%, ал қызмет көрсету саласында – 7,6% көрсеткен.

«Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады. Бұл ретте сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс салалары ең жоғарғы өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ды құрады. Инвестициялар ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ға, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 33,7%-ға, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ға өсті», – деді Жақсылықов.

Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ға өсіп, 134,4 млрд доллар болған. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ға өсіп, 84,4 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ға ұлғайып, 26,5 млрд долларды құрады.

«Тауарлар импорты 50 млрд долларға тең. Жалпы, оң сауда балансы 34,4 млрд долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,3%-ға ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары көрсетті», – деді вице-министр.

https://turkystan.kz/article/213432-kazakstan-ekonomikasy-kantarda-5-6-payyzga-osti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.